Шымкентте арбатта үш жігітті тонаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
Шымкентте арбатта үш жігітті тонаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына үш азамат арызданған. Айтуларынша, қалалық арбатта достарымен демалып отырған сәтте, бұрын-соңды таныс емес бейтаныс адам күш қолданып, бірнеше рет ұрып, ашық түрде тонаған. Яғни, азаматтардың ақшасы мен ұялы телефондарын жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 200 мың теңгеден асады.
Хабарды алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Сол маңдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Куәлерден жауап алынды, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, тұрғылықты мекенжайынан тұрақты жұмыссыз, 21 жастағы қала тұрғыны анықталып, тиісті Полиция басқармасына жеткізілді.
Ер адам жасаған іс-әрекетін толығымен мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, келтірілген шығынды толығымен өтеген. Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай, тонау жасаған азамат таңғы уақытта қалалық арбатта сыра ішіп отырған кезінде, сол маңда отырған жас жігіттерді қорқытып, ақшаларын алып қою үшін сыраға жұмсайды. Содан артынан оларды ұрып-соғып, ақшалары мен телефондарын тартып алған.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен (Жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Сондай-ақ, жас жігітке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.