Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз кескендер анықталды

Жамбылда қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз кескендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мойынқұм ауданының аумағында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторларымен облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ЖШС-нің сексеуіл ағаштарын заңсыз кесу дерегі анықталды.

Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. Бес текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойған.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру