Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ата-анасының бақылауынсыз жүрген 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды

Шымкентте ата-анасының бақылауынсыз жүрген 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында ювеналды полиция инспекторлары мегаполис аумағында түнгі рейд жүргізді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде екі күнде жалпы саны 166 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 131 жасөспірім ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында болған 22 жеткіншекке қатысты аталған баптың 442-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

Бұған қоса кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 12 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен жауакершілікке тартылып, тағы 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру