Шымкентте бірқатар қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Шымкентте бірқатар қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл азамат көші-қон қызметінің инспекторлары ІІМ-нің нұсқауы бойынша жүргізілген «резеңке пәтерлерді» тексеру барысында анықтады.
Ұсталған ер адамға 2022 жылы Өзбекстан полицейлері мемлекетаралық іздеу жариялаған. Оған қатысты экономикалық қылмыс жасағаны үшін үш бап бойынша іс қозғалған .
Ер адам Қазақстан Республикасы аумағында тіркеусіз жүрген. Қазіргі таңда ол қамауға алынды.
Ұсталған азаматты көрші елге экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.