Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған

Абай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№19 мекемеде тәртіп бөлімінің тексеру тобы қызметкерлері тыйым салынған затты, яғни телефон мен қуаттағышы және құлаққап жеткізу әрекетінің алдын алды.

44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына қысқа мерзімді кездесуге келген. Тексеру тобы қызметкерлері азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты тапқан.

 – Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды, – деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру