Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде дөңгелек үстел өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Маулен Темірлан мен және Кенес беру және оңалту орталығынын теолог маманы Нұржан Қалиев, ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мекеме қызметкерлерінің сотталғандармен үздіксіз және жүйелі теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу мәселесі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мамандар сотталғандарды діни адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар кешеніне тоқталды. Бұл жиынға ҚАЖ департаменттің және мекемелердегі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің, тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің мамандары мен №11 және №13 мекеме бастықтарының орынбасарлары, инспектор-теологтар қатысып, сотталғандардың теріс діни сенімдеріне ықпал ететін себептерді анықтау және жою жолдары туралы өздері атқарып жатқан жұмыстармен таныстырып, өз ойларын да ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі таңда мекемелерге сотталғандармен жұмыс істейтін теолог-мамандардың жетіспейтінін де тілге тиек етіп, теологиялық білімі барларды жұмысқа шақыру қажеттігін де кеңінен талқылады. ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі теолог-инспекторларға да ішкі істер органдары қызметкерлеріне көрсетілетін жеңілдіктер көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру