Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған компьютерлік клуб анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзған компьютерлік клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік полицейлер қала аумағында карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша мобильді топпен бірлесіп, ұдайы түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары Әл-Фараби ауданында орналасқан компьютерлік клуб қойылған шектеулерді бұзып, жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

Кәсіпкерлік нысан келушілерді түнгі сағат 23:00-де, яғни қаланың Бас дәрігерінің Қаулысымен рұқсат берілген уақыттан кейін қабылдауды жалғастырған.

Жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ойынхананың әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) шара қабылдау үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Айта кетейік, карантин режимін ұзарту туралы 2021 жылғы 30 шілдедегі № 26 Қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын компьютерлік клубтарға сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру