Шымкентте карантинде жұмыс істеген лоундж-бар анықталды
Шымкентте карантинде жұмыс істеген лоундж-бар әкімшісінен түсініктеме алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.
2021 жылдың 4 тамызында сағат 22:15-те аудан аумағында орналасқан WOW LOUNNG BAR карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар лоундж-бар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.
Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан, келушілерге қор-қор ұсынылғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған лоундж-бар әкімшісінен түсініктеме алынды.
Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара көру үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.