Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Конституция күніне орай 130 тәртіп сақшысы марапатталды

Шымкентте Конституция күніне орай 130 тәртіп сақшысы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған шараға департамент басшыларымен жеке құрам қатысты. Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев баяндама жасап, Конституция – егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын айғағы екенін атап өтті.

Мерекелік жиын өз қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар тәртіп сақшысын арнайы марапаттау рәсімімен жалғасты.

Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрінің атынан 30 қызметкер марапатталды. Оның ішінде, “Құрмет грамотасын” Айдауыл қызметі взводының полиция аға сержанты Әмит Думан, “ІІО-ның үздік қызметі үшін” төсбелгісін Әл-Фараби АПБ кезекші бөлімінің бастығы Нұрболат Тілеубергенов пен ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Нодира Усманова иеленді. Сондай-ақ, Ғимарат күзету взводының командирі Александр Ганибаевқа кезектен тыс «полиция капитаны» шені берілді.

Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы ПД-ның бастығы Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен 96 қызметкерге алғыс хат пен грамоталар табыстады.

Айта кетейік, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 4 қызметкері Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолынан “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалін алды. Олар қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып, спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру