Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мемлекеттік тіркеу белгісіз мотокөлік басқарған жүргізуші анықталды

Шымкентте мемлекеттік тіркеу белгісіз мотокөлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында қалада рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізушіні анықтады.

Полиция қызметкерлері күдік тудырған мотоциклді тоқтатып, мемлекеттік тіркеу белгісіз және көлік басқару құқығынсыз басқарғаны белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру