Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінен шығып, қайта оралмаған сарыағаштық қарияны полицейлер тапты

Түркістан облысының полицейлері 60 жастан асқан жоғалған қарияны отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда өзінің егде жастағы әкесі белгісіз себептермен кешкі сағат 21:40 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Аталған хабар бойынша Сарыағаш ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы Арман Рысқұлов пен криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Елдос Қожан жоғалған қарияны табу мақсатында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Таныстарының үйін біртіндеп тексеріп, болуы мүмкін делінген аймақтардың барлығын жеке-жеке бақылады. Полиция қызметкерлерінің қарқынды қызметтерінің арқасында із-түзсіз жоғалған егде жастағы қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды. Белгілі болғандай 60 жастан асқан қария отбасында болған келіспеушіліктің салдарынан үйінен шығып кеткен. Осылайша төрт күн бойы көшеде жүрген.
Өз кезегінде әкесінің дін аман табылғанына қуанған баласы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді:

– Менің әкем үйден шығып кетіп, содан оралмады. Полиция қызметкерлеріне хабар беріп, көмек сұрадым. Олар бірден әкемді тауып берді. Полицейлерге рақмет.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға егде жастағы туыстарын үнемі бақылауда ұстау керектігін түсіндірді. Жақындарыңыз немесе туыстарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру