Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте патрульдік полицейлер ер адамды ажалдан құтқарды

Шымкентте полицейлер екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ер адамның Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпірінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама алды.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқады. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды. Аталған оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

– Күнделікті қызмет барысында біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға қиын сәтте көмек көрсетуге барымызды саламыз. Бақытқа орай, бүгін екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалдық, – дейді офицерлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру