Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды
Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйек кешкі сағат 18:04 шамасында Шымкент қаласы ПД ЖБО-ның инспекторы Дархан Құлмырзаев Қонаев даңғылы мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында орналасқан Сергек камералары арқылы құбыр үстінде жүрген бір әйелді байқады. Ол сол жерден секірмек болған.
Бұл туралы тәртіп сақшысы жедел түрде патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Шақыру бойынша бірінші болып ППП 3 рота командирінің орынбасары Табиғат Жақсыбектегі келді.
ВИДЕО МҰНДА
Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпай, құбырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. Содан кейін, мән-жайды анықтау мақсатында Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.
Белгілі болғандай, 30 жастағы қала тұрғыны күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен ұрысып, өзін-өзі өлтіруді шешкен.
Әйел мен туыстары полицияға оны асығыс қадамнан құтқарғаны үшін алғыс айтты.