Шымкентте Полиция департаментінің музейіне 40-тан астам экспонат әкелінді
Шымкентте Полиция департаментінің музейіне 40-тан астам экспонат әкелінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы Полиция департаментіне Түркістан облыстық тарихи- өлкетану музей қорынан құрылған “Өшпесін шырақ мәңгілік” жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Онда тарихы сонау VIII-ғасырдан бастау алатын 40-тан астам экспонат жарық беру аспаптары әкелінген. Жәдігерлердің кейбірі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, бүгінге дейін сақталды.
Іс-шара барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов, Ішкі істер органдарының ардагерлерімен тарихи маңызы бар жәдігерлерді арнайы келіп тамашалады.
Сонымен қатар, музей меңгерушісі қонақтарды қызмет бабында қаза тапқан ерлердің тарихымен, бейбіт күннің батырлары және ішкі істер органдарына еңбегі сіңген басшылар туралы мәліметтер енгізілген жылжымалы көрмемен таныстырды. Ол заман талабына сай соңғы үлгіде жасалған, сапалы көрме болды.