Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 51 құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 51 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 2173 қару иелері және 31 күзет агенттігі тексерілді.

Іс-шара барысында отты қаруды, суық қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің 7 жайты анықталды. Сондай-ақ қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзудың 51 жайты анықталды. 13 қару және бір оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру