Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салды

Атыраулық полицейлер абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды жүргізеді. Қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару бойынша коммуналдық кәсіпорындар қызмет етеді.

– “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне сеніп тапсырылған аумақты аралау жұмыстарын жандандырды. Учаскелік инспекторлардың міндеті-жауапкершілікті ескерту және түсіндіру. Іс-шара кезінде ҚР ӘҚБК-нің 505-бабын бұзғаны үшін (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу) – 70-тен астам адам жауапкершілікке тартылды, олардың 50-не айыппұл салынды, қалғандарына ескертілді, – дейді Атырау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығының орынбасары Айымбек Қазбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру