Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда “POLICE SOS” батырмасы орнатылды

Павлодарда “POLICE SOS” батырмасы орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының Полиция департаменті полиция қызметіне цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Жақында Павлодарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “SOS батырмасы” жобасы енгізілді. Бұл құрылғы заңға қайшы әрекеттер туындаған жағдайда дабыл сигналын беруге және полицияға шұғыл қоңырау шалуға арналған.

– Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша шұғыл шақыру құрылғысы облыс орталығының жанданған бөлігі – Орталық жағалауда орнатылды. Орнату орны аймаққа жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталады. Азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде Жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланысуға және құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе көмек сұрауға мүмкіндігі бар. Орнатылған бейнекамераның көмегімен бейнежазбаға түсіру қамтамасыз етіледі, ал кіріктірілген динамиктер полиция қызметкеріне сөйлесіп тұрған адаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Барлық деректер жүйемен автоматты түрде тіркеледі. Мұндай жаңашылдық азаматтардың барлық өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Павлодар қаласында заңсыз әрекеттер жасалуы мүмкін деген азаматтардың жаппай жиналатын орындары анықталды, бұл – саябақтар, алаңдар және басқа да қоғамдық орындар, онда болашақта дабыл түймелерін орнату жоспарлануда.

Полиция бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында бір құрылғыны сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Құрылғы жақсы нәтиже көрсетті және пайдалануға қабылданды. Біріншіден, бұл халыққа ыңғайлы болу және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жасалды. Полиция органдары жүйесіндегі мұндай жаңалықтар қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді неғұрлым тиімді және сапалы шешуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін “POLICE SOS” батырмасының қосымша 6 құрылғысын орнату, ал келесі жылы тағы 6 құрылғыны орнату жоспарлануда. Осыған ұқсас батырмалар облыс бойынша орнатылады.

Павлодарлық Сара Сағандықова жаңа енгізілімді бағалап, мұндай батырма халыққа дереу полицияға жүгінуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Өйткені жедел әрекет ету – бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап “POLICE 102” мобильдік қосымшасының жұмысы іске қосылғанын еске саламыз, оның көмегімен азаматтар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы тәулік бойы хабарлай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру