Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмыстың сервистік моделіне бағыт: СҚО полициясының автопаркі 30 автокөлікпен толықты

Солтүстікқазақстандық полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты. “Hyundai Elantra” маркалы седан автокөліктері қыс қарсаңында облыс орталығы көшелерінде және өңірдің қала сыртындағы жолдарында құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде тәртіп сақшыларына көмектеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жеке құрам алдында сөз сөйлеп, полицейлердің жұмысына оң баға берді. СҚО-да соңғы жылдары тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегені байқалады. Мәселен, 2017 жылдың 9 айында облыста 5617 құқық бұзушылық тіркелсе, 2021 жылдың 9 айында олардың саны – 3722. 33,7%-ға төмендеген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылы жасалған құқық бұзушылықтар саны 4% төмендеген.

Жаңа автокөліктердің басым бөлігі патрульдік полиция батальонын толықтырады, кез келген уақытта жол-көлік оқиғалары орнына және басқа да шақыртуларға алғашқылардың бірі болып келетіндер дәл осы патрульдік полицейлер. Жыл басынан Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 116 қылмыс ашылды, 441 қылмысты ашуға қатысты, сондай-ақ, олардың қатысуымен 19114 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 1347 км жолға қызмет көрсетеді. Жыл басынан СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері елді мекендерден алыс трассаларда көліктері істен шыққан жүргізушілер мен жолаушыларға 50-ден астам көмек көрсетті. Жаңа автокөліктер тәртіп сақшыларына алда болатын аяз бен қатты боранда қызмет атқаруда көмегін тигізеді.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев қарамағындағылардың қызметтік міндеттерін адал атқаруға, жұмыстың сервистігін енгізуді жалғастыруға бағыттады. Ол 2021 жыл ІІМ басшылығымен “Құқық бұзушылықтар профилактикасы және “халыққа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы” деп жарияланғанын атап өтті. Әр полицей, сержанттан бастап офицерге дейін халық пен биліктің сенімін ақтауға міндетті, өйткені қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицияның автопаркі 127 автокөлікпен толықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру