Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші анықталды

Шымкентте қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тұрақты түрде қызмет етуде.

Мәселен, 25 қыркүйек күні Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында қауіпсіздік белдігін тақпаған жеңіл көліктің жүргізушісін анықтады.

Полицейлер Ғ.Іляев көшесінің бойында автокөлік жүргізушісін тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Қауіпсіздік белдігін тақпау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізушімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру