Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “қызыл диплом” алып беремін деген алаяқ ұсталды

Шымкентте “қызыл диплом” алып беремін деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу “қызыл диплом” алып беремін деп 50 000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру