Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды
Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларды жүргізді. Рейд барысында аудан аумағындағы жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан адам анықталды.
Ретсіз саудамен айналысып жатқан адамға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары заңсыз саудамен айналысып жүрген азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.