Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс қаласында өрт кезінде адамдарды көшіруге 100-ден аса полицейлер атсалысты

Арыс қаласында өрт кезінде адамдарды көшіруге 100-ден аса полицейлер атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс қаласында сары фосфордың тұтауы салдарынан теміржол вагонында өрт шығуы кезінде полицейлер оқиға орынын тез арада оқшаулап, өрт шыққан орынға арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар олар адамдары шұғыл қауіпсіз жерге алып шығуға атсалысты. Адамдарды көшіруге Арыс станциясындағы желілік полиция бөлімінің 25 қызметкері мен аудандық полиция бөлімінің 75 қызметкері қатысты.

– Үйлесімді әрi шапшаң жұмыс жасау нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, – деді полицейлер.

Оқиға орнына дереу Арыс станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру