Шымкентте рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында қалада рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізушіні анықтады.
Полиция қызметкерлері күдік тудырған мотоциклді тоқтатып, мемлекеттік тіркеу белгісіз, ешқандай құжаты да болмағаны белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы және 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар полицейлермен түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда.