Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылар СҚО полицейлерімен бірлесіп мектепке барудың қауіпсіз бағыттарын құруда

Оқушылар СҚО полицейлерімен бірлесіп мектепке барудың қауіпсіз бағыттарын құруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы жас қатысушыларының қауіпсіздігі – жергілікті полиция қызметінің актуалды міндеттерінің бірі. Мектептегі сабақтардың басталуы полицейлерге оқушылармен қайта қауышуға мүмкіндік берді. Тәртіп сақшылары жол жүрісі ережелері мен жолдағы қауіпсіздік тәртібі нормалары жайлы әңгімелейді. Дәріспен шектеліп қана қоймай, полицейлер балаларға ЖЖЕ белсенді үйрену түрін ұсынды. Мектеп оқушылары байқауларға белсенді қатысады, стендтер жасайды, погон таққан адамдармен сбақта “үй – мектеп” қауіпсіз бағыттарының схемасын ойластырып, салады.

– Мұндай сабақтардың мақсаты – балаларды жолда сақ болуға үйрету, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Шығармашылық тапсырмалар ережелерді саналы түрде есте сақтауға септігін тигізеді, жолдағы жағдайды бағалау дағдыларын қалыптастырады. Мектеп оқушылары тапсырмаларды шын көңілдерімен орындайды және тек жол қауіпсіздігіне ғана емес, жалпы полиция жұмысына қызығушылық танытып, полиция қызметкерлерін сұрақтардың астына алады. Осындай кездесулер қыркүйектен облыста бастау алған “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі аясында өткізілуде.

Сонымен қатар айдың басында патрульдік полиция экипазының бағыттары оқу орындарына жақындатылды. Жол қауіпсіздігін бақылау жас жаяу жүргіншілер көп жиналатын көшелердің учаскелерінде күшейтілді. Бұдан бөлек, мектептер мен колледждердің жанындағы жол-көше инфрақұрымдарын зерттеу мен жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Мысалға, 9 қыркүйекте Петропавлда Ульянов көшесіндегі №10 мектептің маңында жасанды бұдырлық орнатылды. Тек 1 қыркүйектің өзінде 197 зерттеу жүрігізіліп, оның нәтижесі бойынша кемшіліктерді жою туралы 134 ұйғарым шығарылды, 15 жол белгісі ауыстырылып, орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру