Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киім дүкеніне ұрлыққа түскен шымкенттік бейнебақылау камерасы арқылы анықталды

Киім дүкеніне ұрлыққа түскен шымкенттік бейнебақылау камерасы арқылы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында киім дүкенінде белгісіз біреу кассадағы ақшаны ашық түрде ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай анықтады. Оның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру