Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Сәтбаев қаласының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіледі

Полицейлер Сәтбаев қаласының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекте Сәтбаев қаласының көшелерінің бірінде республикалық “Қарасора-2021” ОПМ шеңберінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Жезқазған қаласындағы ПБ-ның есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлер тексеру кезінде спорт сөмкесінен “гашиш” есірткісінің едәуір мөлшерін тапты.

Сондай-ақ ұсталған адамның пәтерінде іздеу итінің көмегімен “марихуана” есірткі заты алынды. Күдіктіден табылған жалпы есірткі заты 2 келіден асқан. Ұсталған адамның түсіндіруінше, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Бұған дейін ұсталған адам құқық қорғау органдарының назарына түспеген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру