Шымкентте сотталғандар жеке сұрақтарына жауап алды
Шымкент қаласының прокуроры ИЧ-167/3 жалпы режиміндегі колонияда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы бойынша ИЧ-167/3 мекемесінде Шымкент қаласының прокуроры Ғ. Беркимбаевпен бірлесе отырып, Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Ж. Асанов сотталғандарды жеке сұрақпен қабылдап, жаза өтеу барысындағы сот актілерінің ҚР ҚК 72-бабы (Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату), 73-бабы (Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру не тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту) және ҚР ҚАК 96-бабы (Мекеме түрінің өзгеруі) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әр сотталған өз көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
– Бүгінгі таңда шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі өзекті болып отыр. Кейбір сотталғандар заңнаманы білмейді, тиісті білімі жоқ, олардың қалай және қандай жағдайда мүмкін болатындығын толық түсінуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біздің тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мамандарды шақыруға тырысамыз, – деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Н.Сандыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 73-бабының 2-бөлігіне кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылмайтындылығы, түсіндірілді