Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрмеге тығып телефон өткізбек болды

Шымкент қаласының тұрғыны түрмеге ұялы телефон алып кірмек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтың құйтырқы айласы тексеріс барысында әшкерленді. Тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефонды және SIM-картаны, жасырын түрде алып кіруді ойластырған.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 (орташа қауіпсіз) мекемесіне 24 қыркүйек сағат 15.50 шамасында келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған “Jinga” маркалы қара түсті ұялы телефон мен актив сим-картасын қара пакетке жасырып, кіргізбек болған.

Бұл заттарды Шымкент қаласының С.М есімді 1996 жылғы тұрғыны, қамауда отырған “досына” жеткізбек болған. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру