Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйел телефонын тауып берген полицейге алғыс айтты

Шымкентте әйел құны 100 мың теңге тұратын телефонын тауып берген полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына “102” сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғынының хабарламасы келіп түскен. Азаматша өз арызында құны 100 мың теңге тұратын ұялы байланыс телефонын белгісіз жағдайда таксиде қалдырып кеткенін көрсеткен. Жедел тергеу тобы аталған аумақта жүргізген шұғыл шаралардың нәтижесінде азаматшаның байланыс телефонын тауып берді. Шымкент қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысына алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру