Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмаған 6 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкентте кәмелетке толмаған алты жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері түнгі мезгілде кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында арнайы бағыттарға бөлініп рейдтік іс-шаралар атқарды.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар көп шоғырланатын орындарда мақсатты рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерімен түнгі уақытта (23:00-ден 06:00-ге дейін) тұрғын үйден тыс жерлерде қадағалаусыз жүрген алты жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру