Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәртіп сақшылары қызмет барысында қаза тапқан полицейдің отбасына барды

Шымкентте тәртіп сақшылары қызмет барысында қаза тапқан полицейдің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 желтоқсанда Еңбекші ауданының Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Алым Садықов және басқарма қызметкерлері қызмет атқару барысында қаза тапқан полицейдің үйіне арнайы барды.

Әріптестері марқұм Талғат Чудаковтың отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, жұбайы мен балаларына сый-таралғысын табыстады. Сондай-ақ, Талғат Чудаковтың ұлы Бекнұрға ҚР ІІМ-нің арнайы құттықтау хаты табысталды.

Өз кезегінде, жұбайы Жұлдыз Тұрлыбекова Еңбекші АПБ-ның басшылығына, басқарма қызметкерлеріне алғысын айтып, ізгі тілегін білдірді.

– Бізді ұмытпай осылай елеп-ескергендеріңізге рақмет! Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын! Қиын да қауіпті жұмыстарыңызда абыройлы болыңыздар. Бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын, – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Талғат Чудаков 2018 жылдың 17 тамызында қызмет атқару барысында аса қауіпті қылмыскерді құрықтау кезінде жол апатына түсіп, қаза болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру