Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнде карантиндік талаптарды сақтамаған ойынхана анықталды

Шымкентте түнде карантиндік талаптарды сақтамаған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы ПБ-ның қызметкерлері қала аумағында карантин талаптарын сақтамай жұмыс жасап жатқан нысандарды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шарасын жүргізді.

2021 жылғы 29 сәуір күні іс-шара барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан «Razer» ойынханасы қаулыға сәйкес белгіленген уақыттан тыс түнгі уақытта жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Карантин ережесін сақтамаған азаматтардан түсініктеме алынып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Анықталған жайтқа қатысты шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру