Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте масаң күйде көлік тізгіндеген 9 жүргізуші ұсталды

Шымкентте үш күнде масаң күйде көлік басқарғаны үшін тоғыз жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында үш күндік “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қала аумағында масаң күйде көлік тізгіндеген тоғыз жүргізуші ұсталды.
Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша тиісті әкімшілік шара қолданылды.

Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғанын және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру