Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғын үйлерден тыс аумақта заңды өкілінсіз жүрген 1 819 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Шымкентте тұрғын үйлерден тыс аумақта заңды өкілінсіз жүрген 1 819 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Жазғы демалыс кезінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына ескерту жасауда.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың бес айында түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында жүрген 52 жасөспірім, заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 1 819 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.

Сондай-ақ жастар көп шоғырланатын жерлерде, яғни “Наурыз алаңы”, “Арбат аллеясы”, “Қошқар ата” өзені бойында кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Суға түсу ережелерін қатаң сақтауды, ата-аналар балаларын көзден таса қылмауды, адасып қалып жоғалып кету жайттарын болдырмауды, түнгі уақытта 22:00-ден кейін 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүруге болмайтындығы жайлы заңды түрде толығырық түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру