Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түзеу мекемесіне есірткі мен телефон лақтырмақ болған азамат анықталды

Шымкентте түзеу мекемесіне есірткі мен телефон лақтырмақ болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №53 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында 25 маусым сағат 11.20 шамасында №53 мекемесінің сыртқы қоршауының (шаруашылық алаңы) маңына мопед мінген, жазуы бар сары түсті сөмке арқалаған күдікті адам байқалған. Ол өзінің сөмкесіне жасырылған ақ түсті полиэтилен пакетті қолына алып, мекеменің ішкі аумағына лақтырмақ болған сәтте ұсталды.

Тексеру барысында белгісіз азамат Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны екені анықталған. Оқиға орнына Шымкент қаласы полиция департаментінің Еңбекші АПБ-ның жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған азаматтың қолындағы ақ түсті пакеттің ішінде қорапқа жасырылған бір OPPO, бір HUAWEI телефон және екі Tele 2 Sim-картасы және екі қуаттағыш болған. Ал екінші орамада спецификалық иісі бар, кептірілген жасыл түсті шөп тәріздес зат бар екені анықталған.

Ұсталған азаматтың жеке басына тінту жұмыстарын жүргізу барысында шалбарының ішкі жағына жасырылған кішкене полиэтилен пакетке салынған ақ, қара түсті белгісіз заттар және бір дана сіріңке қорабына жасырылған спецификалық иісі бар, кептірілген жасыл шөп тәріздес зат бар екені анықталған.

Тәркіленіп алынған заттар сот-сараптамалық орталығына жолданды. Дерек бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Сот сараптамасының қорытындысы бойынша азамат Т.С.-ның шалбарының қалтасынан тәркіленген полиэтилен пакеттегі ақ, қара түсті белгісіз заттар мэфедрон синтетикалық есірткі зат екені анықталған. Ал сіріңке қорабына жасырылған спецификалық иісі бар заттың марихуана екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру