Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тыныштықты бұзған 30-ға жуық мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Түнгі уақытта шулы көлікті басқаратындарды мегаполистің патрульдік полицейлері “Мотокөлік” ЖПІШ аясында анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусым күні қала көшелерінде мотокөлік жүргізушілері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған ауқымды рейд жұмыстары басталды.

Үш күн ішінде жол ережесін бұзған 441 мотоцикл мен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды.

Оның ішінде тыныштықты бұзғаны үшін – 28, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгіленген ережелерге сай келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін – 18, мотокөлікті заңсыз қайта жабдықтаған – 12, техникалық байқаудан өтпеген – 24 жүргізуші жазаға тартылды.

Құқық бұзушыларға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша хаттамалар толтырды.


Жоғарыда айтылғандардан басқа, маневр жасау ережелерін бұзған, мотошлемдерді пайдаланбаған, бағдаршамның қызыл түсіне өткен және авариялық жағдай туғызған мотокөлік иелеріне айыппұлдар салынды.

Айта кетейік, “Мотокөлік” ЖПІШ аясында рейдтік тексеру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері барлық мотоциклшілерді қозғалыс кезінде өте мұқият болуға, жылдамдық асырмауға және арнайы мотошлемдерді қолдануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру