Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ору және өртеу жолымен 21 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша кешенді жоспардың жобасы әзірленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев хабарлағандай, 2023 жылдың бес айында облыс аумағында 224 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 45 есірткі өткізу дерегі, 34 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 3 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі, 6 есірткі контрабандасы.

Заңсыз айналымнан 540 келіге жуық есірткі алынды, оның ішінде 519 келіге жуық марихуана, 16 келіге жуық гашиш, 38 грамм героин, 21 грамм синтетикалық есірткі құралдары және т.б.

1 маусым күні басталған “Қарасора-2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жыл сайын полицейлер құмды аймақтардан жабайы қарасораны алып кету арналарын жабу бойынша операциялар жүргізеді.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен ғана емес, жабайы өсімдіктермен де күресуде. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасныың қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері учаскелерді ору, шабу, өртеу және улы химикаттарды қолдану арқылы есірткілерді жойып жатыр.Тек бір Байзақ ауданында шабу және өртеу арқылы 18,7 гектар жердегі 20 тонна 456 келі жабайы қарасора жойылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру