Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай өңірінде 87 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Қостанай өңірінде полицейлер рейд жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде “Борышкер” ЖААШ өтіп жатыр. Оның шеңберінде полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп рейд жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылықтарды қасақана бұзғандарды анықтайды.

Жыл басынан бері өңірде барлығы 87 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың басым бөлігі 59 мың жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты.

– Бес айдың ішінде полицейлер борышкерлердің 3 мыңнан астам тұрғылықты жеріне барып, сот орындаушыларымен бірлесіп 52 рейд жүргізді. 12,5 млн теңге сомасына 595 қаулы мен ұйғарым өндірілді, – деді Қостанай облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бастығы Серік Абдикаликов.

Полицейлер айыппұлдар бойынша үлкен қарызы бар жүргізушілерді анықтады. Осыған байланысты олардың көліктері айппұл тұрағына жіберілді.

Мысалы, Toyota Alphard автокөлігінің 28 жастағы иесінің ЖҚЕ бұзғаны үшін 24 ұйғарымы мен 11 хаттамасы болған. Оған 665 мың 273 теңге сомасында айыппұл салынды. Ол оның біреуін ғана төлеген. Борышкердің көлігі айыппұл тұрағына жіберілді.

Қазіргі уақытта “Қорғау” жүйесіне 3837 көлік құралы енгізілді. Осы жүйенің көмегімен облыс бойынша барлығы 208 көлік анықталды. Оның 73-і мамандандырылған айыппұл тұрағына қамалды, 63 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді. Бұдан басқа, сот орындаушыларының қаулысы бойынша 6 көлік құралы ұсталды. Әкімшілік айыппұлды өтеуден жалтарғаны үшін 22 көлік құралы, 252 құқық бұзушыға айыппұлдар бойынша бар берешектері туралы хабарлама табыс етілді.Қостанай облысының аумағында “Борышкер ” жедел алдын-алу шарасы 30 маусымға дейін өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру