Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 2 жайты анықталды

Шымкентте заңсыз балық аулаудың екі жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында 9 сәуір-31 мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының және Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен Көкбұлақ елдімекенінен өтетін Бадам өзенінен заңсыз балық аулаудың екі жайты анықталды. Аталған жайт бойынша анықталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылар заңсыз балық аулау жайтын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру