Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге хаттама толтырылды
Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында жолда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізушіні тоқтатқан.
Audi және Lada автокөліктерінің жүргізушілері жол ортасындағы үздіксіз қос жолақты ақ сызықты қиып, бұрылған.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілген.