Шымкенттегі аудандардың бірінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкенттегі Еңбекші ауданында 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты аудандық Полиция басқармаларының учаскелік полиция инспекторлары көшелерде, қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.
Мәселен, өткен аптада тәртіп сақшылары Еңбекші ауданы аумағында 555 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, қоғамдық орындарда қоқыс тастаған – 124, белгiленбеген орындарда сауда жасаған – 52, тыныштықты бұзған – 8 құқық бұзушыны анықтаған. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктерді iшкен немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келген – 50, абаттандыру қағидаларын бұзған – 95, ҚР аумағында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған -129 азаматқа және өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 97 тұлғаға хаттама толтырылды.