Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша кездесу өтті

Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан” атты халыққа үндеуіндегі тапсырмаларды, полицияның сервистік модельге көшуі, яғни, тәртіп сақшыларының қолжетімді, ашық әрі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, қылмыстардың азаюы мен оларға тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр.

Ал бұл жұмыстарды одан әрі де тиімді әдістерді қолдана отырып, жедел жүзеге асыру үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен арнайы мамандар киелі өңірге келген болатын. Олар – ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің консультанты Эльмира Хисамутдинова, ІІО жобалау қызметін ұйымдастыру басқармасының бастығы Амина Алмагамбетова, Қарағанды академиясының оқытушысы, зерттеу жетекшісі Сағынған Молбасин.

Аталған мамандар үш күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу бойынша жеделдету мен сапалы іске асыру жұмыстарын атқарды. Стационарлық бекеттерге барып, учаскелік инспекторларды, патрульдік полицейлерді, анықтаушыларды жинап, арнайы дәрістер өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген топ мүшелері Департаменттің мәжіліс залында кездесу өткізді. Жиналыс Департамент бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен жүргізілді. Бас қосуға Департаменттегі полиция құрылымдарының басшылары және облысқа қарасты 17 ауданның полиция басшылары бейнеселектор арқылы қатысты.

Сонымен қатар, полицейлермен сервистік полиция моделін одан әрі де дамыту үшін халыққа бірінші кезекте жақын әрі қолжетімді болу, ашықтық турасында әңгіме жүргізілді.

Мұндай жұмыстар өз кезегінде Түркістан облысын қауіпсіз аймаққа айналдыруға үлкен үлесін қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру