Шымкенттік ағайынды жол үстінде төрт бірдей жігітті ұрып кетті
Шымкенттік ағайынды жол үстінде төрт бірдей жігітті ұрып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам аудандық Полиция басқармасына төрт бірдей жас жігіт арызданды. Олардың айтуынша, екі бейтаныс ер адам Ваз-2106 көлігінен түсіп, өздерін ұрып-соғып, қашып кеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойдақ тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Олар осы қылмысқа қатысы бар ағайынды Шымкент қаласының тұрғындарын ұстады.
Тексеру кезінде анықталғандай, жәбірленушілер Lada Priora көлігімен Шымкент қаласы бағытына қарай жолға шыққан. Содан соңдарынан келе жатқан Ваз-2106 көлігімен жолға таласып қалған. Араларындағы болған түсінбеушілік салдарынан шымкенттіктер Lada Priora көлігінде отырған жас жігіттерді ұрып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерге медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.