Шымкенттік әйел алаяққа алданып, 17 млн теңгесінен айырылды
Алаяққа алданған шымкенттік әйел 17 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Facebook әлеуметтік желісінде халықаралық компанияның атын жамылып жазған белгісіз азаматтың жіберген жарнамасына сілтеме арқылы кіргенін айтқан. Сөйлесу барысында белгісіз адам биржалық нарықта ақшалай қаражатты көбейтіп беремін деп айтқанын көрсеткен.
Содан алаяқ жәбірленуші әйелдің 17 миллион теңгеден астам ақшасын MetaTrader 4 бағдарламасына салғызып, иемденіп алған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.