Шымкенттік әйел жанжал барысында күйеуіне пышақ сұғып алды
Шымкенттік әйел жанжал барысында күйеуіне пышақ сұғып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусым Жедел басқару орталығының «102» арнасына қалалық жедел жәрдем бригадасынан 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеру барысында ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың салдарынан жұбайы күйеуіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды.
Аталған жайт Еңбекші ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді.
Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, орын алған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.