Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда төбелес шығарған екі ер адамның ісі сотқа жолданды

Атырауда төбелес шығарған екі ер адамның ісі сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілде күні сағат таңғы 03:57 шамасында Алмагул ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің ауласында белгісіз азаматтардың төбелес шығарған. Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері оқиғаны бейнебақылау арқы байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары тексеру кезінде өзара сөзге келіспей қалған Орал қаласының және Махамбет ауданының екі тұрғынын анықтады. Медициналық сараптамадан өткізу кезінде олардың “орта дәрежелі” масаң күйде екендігі белгілі болды.

Аталған факті бойынша 41 және 30 жастағы екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабның 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Енді олар сот шешімімен бес айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл төлеуі немесе он тәулiкке әкiмшiлiк қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру