Шымкенттік көлік аламын деп, ақшасынан айрылды
Шымкенттік ұрланған көлікті сатып алып, алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 31 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Онда белгісіз бір азаматтан «Toyota camry» маркалы автокөлігін сатып алатын болып, бағасын алты миллион теңгеге келісіп, 1,5 миллион теңгесін беріп көлікті алып, екі ай өткен соң аталған көлікті ұрланған екенін біліп, ақшаны қайтар дегенде қайтармай жүргенін көрсеткен. Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.