Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер “Альфа” атты қызметтік иттің көмегімен ұрыны анықтады

Шымкенттік полицейлер “Альфа” атты қызметтік иттің көмегімен ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған құны 100 000 теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында “Альфа” атты иттің көмегімен ұры анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын қылмыс орын алған жағдайда, тез арада “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру