Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленуші қыздарын мерекемен құттықтады

Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленуші қыздарын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері №4 балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленуші қыздарын мерекемен құттықтап, құрметке бөледі. Кішкентай аруларға айтулы мерекеде сый-сияпаттары мен гүл шоқтарын табыс етті.

Өз кезегінде қуанышын жасыра алмаған олар алғыстарын жеткізіп, әсерлерімен бөлісті.

– Біз шымкенттік полицейлер №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін 2019 жылдан бері қамқорлығымызға алғанбыз. Сол уақыттан бері ешбір мерекеде ұмыт қалдырмай, осылайша құттықтап, құрмет көрсетіп келеміз. Балалар – әркез біздің назарымызда. Ондағы кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау – біз үшін парыз деп санаймыз. Осы көктеммен қатар келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде де, мейрам иелеріне сый-таралғы бердік. Балалар үйіндегі әр бала – бақытты болуға лайық және қоғамда өздерін кем сезінбеулері үшін біз мейлінше қол созуға дайынбыз! Ендеше, мұндағы кішкентай ару қыздарымызға жүздеріңізден күлкі кетпей, шаттықтың шапағаты мен нұрына бөленіп жүре беріңіздер деген тілек айтамыз, – дейді патрульдік полиция полкінің командирі А.Жүзжасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру