Шымкенттік полицейлер компьютер бөлшектерін ұрлаған ұрыны анықтады
Шымкенттік полицейлер компьютер бөлшектерін ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 15 мамырында Қаратау АПБ-на «102» нөміріне Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында «ОLX» әлеуметтік желісіне өзіне тиесілі «Gamemax» компьютерін сатылымға қойған. Содан белгісіз тұлға қоңырау шалып, тұтынушы ретінде үйіне келіп, компьютердін есептеуіш бөлігінен, яғни прцессорында тұрған қосалқы бөлшектерін жасырын түрде ұрлап кетіп, 300 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ және УПИ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті жердің 33 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.